Антиплагиат саясаты

«EKTU Journal of Engineering Sciences» бұрын жарияланбаған түпнұсқа материалдарды ғана жариялауға қабылдайды. Журнал ұсынылған қолжазбалардағы мәтіндік көшірмелерді бақылау үшін iThenticate бағдарламалық жасақтамасын пайдаланады. Басылым редакциясы ғылыми жарияланымдардағы плагиат авторлар, рецензенттер, редакторлар, баспагерлер және оқырмандар арасындағы өзара қарым-қатынастағы кәсіби мінез-құлық нормалары жүйесін бұзу болып табылады және Жарияланым этикасы бөлімінің ережелеріне қайшы келеді деген пікірді ұстанады.

Басылымның редакциялық алқасы анықталған плагиаттың барлық жағдайларын талдайды және қолжазбаны рецензиялау үдерісіне жібермеу құқығын өзіне қалдырады. Журнал редакциясына келіп түскен ғылыми жұмыстар мынадай көрсеткіштер бойынша талданады:

  • егер мәтіннің түпнұсқалығы 85 %-дан жоғары болса, материал қарауға жіберіледі;
  • мәтіннің түпнұсқалығы 75-тен 85 %-ға дейін болса, автор дәйексөздер мен пайдаланылған дереккөздерге сілтемелердің дұрыс рәсімделуін тексеруі қажет;
  • мәтіннің түпнұсқалығы 75 %-дан төмен болса, материал қарауға қабылданбайды.

Бір дереккөзден алынған плагиаттың 3 %-дан артық болуына жол берілмейді.

Плагиат пайызы құжаттарды жергілікті дерекқорда да, Интернет желісінде де көшірмелердің бар-жоғына тексеретін бағдарламалық жасақтаманың көмегімен есептеледі. Алынған есепті редакциялық алқа талдайды.

Егер мәтіндік көшірме фактісі жарияланғаннан кейін анықталса, редакциялық алқа оған мұқият талдау жүргізеді. Журнал редакциясы міндетті түрде автормен байланысып, туындаған жағдайлар туралы хабарлайды. Плагиат бар беттер PDF-файлда белгіленеді.