Автордан баспагерге құқықтарды беру туралы шарт
Лицензиялық шарттар: барлық материалдар Creative Commons Attribution License International CC-BY лицензиясының шарттарымен таратылады.
Төменде орналастырылған Шарт талаптарын қабылдау фактісі автордың өз материалдарын Лицензиаттың басылымдарында жариялау үшін жіберуі болып табылады.
Осы келісіммен автор ұсынылған материалдың:
- басқа тұлғалардың немесе ұйымдардың авторлық құқықтарын бұзбайтынын;
- бұрын басқа баспаларда жарияланбағанын және басқа басылымдарға жариялау үшін ұсынылмағанын растайды.
Автор өз жұмысына авторлық құқықтарын сақтайды, ал баспагер Creative Commons Attribution License International CC-BY лицензиясының шарттарымен алғаш жариялау құқығына ие, оның ішінде:
- мақалаларды ағылшын тілінде жариялау және олардың баспа нұсқаларын тарату;
- мақалаларды ағылшын тіліне аудару (орыс немесе қазақ тілдеріндегі мақалалар үшін) және аударманың баспа нұсқасын тарату;
- мақаланың электрондық нұсқасын, сондай-ақ мақаланың ағылшын тіліндегі аудармасының электрондық нұсқасын (орыс немесе қырғыз тілдеріндегі мақалалар үшін) кез келген электрондық құралдар арқылы тарату (журналдың ресми веб-сайтында, электрондық дерекқорларда, репозитарийлерде және т.б. орналастыру).
Барлық жағдайларда мақалаға библиографиялық сілтеменің немесе журналдың ресми сайтындағы оның электрондық көшірмесіне гиперсілтеменің болуы міндетті.