Жариялау шарттары
Жариялау тілдері
Жариялауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар қабылданады.
Материал түрлері
Журнал келесі материалдарды қабылдайды:
- түпнұсқа ғылыми мақалалар;
- шолу мақалалары.
Негізгі редакциялық қағидаттар
Журнал редакциясы келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
- жарияланатын нәтижелердің ғылыми маңыздылығы мен жаңалығы;
- редакциялық бағалаудың объективтілігі;
- авторлардың азаматтығына, аффилиациясына, шығу тіліне, жынысына, нәсіліне, діни көзқарасына немесе саяси ұстанымына қарамастан теңдігі;
- редакциялық процестің құпиялылығы;
- мүдделер қақтығысына жол бермеу;
- редакциялық шешімдердің коммерциялық, әкімшілік және жеке факторлардан тәуелсіздігі.
Жариялау туралы шешім тек қолжазбаның ғылыми сапасы, журнал бейініне сәйкестігі және этикалық нормаларды сақтауы негізінде қабылданады. Мұндай тәсіл журнал сайтында жарияланған редакциялық және жарияланымдық этика қағидаттарына сәйкес келеді.
Жалпы ережелер
- Осы құжат “EKTU Journal of Engineering Sciences” ғылыми журналының уәкілетті баспагері, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, бұдан әрі Баспагер деп аталатын, кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлғамен немесе заңды тұлғамен, бұдан әрі Автор деп аталатын, осы офертада баяндалған талаптарда қызметтер көрсету шартын жасасуға арналған ресми жария офертасы болып табылады.
- Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес журнал сайты арқылы қолжазбаны ұсыну, электрондық нысанды толтыру, журнал сайтында тіркелу және/немесе материалдарды редакциялық өңдеу мен жариялауға байланысты қызметтерге ақы төлеу осы жария офертаны толық және сөзсіз қабылдау болып танылады.
- Шарт Автордың қолжазбаны ұсыну, журнал сайтында тіркелу немесе тиісті қызметтерге ақы төлеу арқылы осы офертаны қабылдаған сәтінен бастап жасалған болып есептеледі.
- Осы офертаны қабылдай отырып, Автор осы жария офертаның талаптарымен, жариялау этикасы саясатымен, құпиялылық саясатымен, авторларға қойылатын талаптармен және журналдың ресми сайтында орналастырылған өзге де қағидалармен танысқанын, оларды түсінгенін және олармен келісетінін растайды.
Офертаның мәні
1. Баспагер Авторға қолжазбаны қабылдау, редакциялық өңдеу, рецензиялауды ұйымдастыру, техникалық дайындау және редакцияның оң шешімі болған жағдайда EKTU Journal of Engineering Sciences ғылыми журналында жариялау бойынша қызметтер көрсетуге міндеттенеді.
2. Автор қолжазбаны журнал талаптарына сәйкес ұсынуға, шынайы ақпарат беруге, жариялау этикасы нормаларын сақтауға және белгіленген төлем болған жағдайда осы офертада көзделген тәртіппен қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Баспагердің қызметтері мыналарды қамтуы мүмкін:
- Авторды журнал сайтында тіркеу;
- қолжазбаны қабылдау және алдын ала техникалық тексеру;
- қолжазбаның журнал тақырыбы мен талаптарына сәйкестігіне редакциялық баға беру;
- рецензиялау рәсімін ұйымдастыру;
- редакциялық ескертулер және қолжазбаны пысықтау мәселелері бойынша Автормен өзара іс-қимыл жасау;
- қажет болған жағдайда мәтіннің түпнұсқалығын тексеру;
- техникалық редакциялау, форматтау және макет дайындау;
- қабылданған мақаланы журнал сайтында жариялау;
- қажет болған жағдайда мақала метадеректерін орналастыру;
- қажет болған жағдайда жарияланым туралы электрондық растау немесе анықтама беру;
- журналдың редакциялық-баспа процесіне байланысты өзге де қызметтер.
4. Қолжазбаны ұсыну және/немесе қызметтерге ақы төлеу жариялауға кепілдік болып табылмайды. Қолжазбаны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді редакциялық алқа редакциялық бағалау, рецензиялау нәтижелері, жариялау этикасы талаптары және қолжазбаның журнал қағидаларына сәйкестігі негізінде қабылдайды.